«Ертегілер әлеміне саяхат» атты тақырып


«Дауыстап оқу» жобасы

«Дауыстап оқу» жобасы бойынша «Балдырған» балалар бақшасындағы ересектер тобында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты тақырыппен балалардың тапқырлығын, сөздік қорын, сөйлем құрау мүмкіндігін, саналы ойлау қабілетін дамытуға , кітап оқуға ынталандыру, қызықтыру, ойларын еркін айтуға дағдыландыру мақсатында 14 ақпан күні сағат 1000 де «Бала мен Қарлығаш”, “Екі лақ”, “Алтын мүйізді киік”, “Жылқы мен бұғы», «Айқасқаның бұзауы», «Піл мен тышқан»атты қазақ ертегілері дауыстап оқылды.Балақайларға «Ертегілер не туралы?, Бала қарлығашқа қалай көмектесті?,Қарлығаш балаға өз алғысын қалай білдірді?,«Екі лақ» ертегісі бойынша:,Қара лақ ақылды ма әлде ақ лақ па?,Ақ лақ түлкіден? Қасқырдан қалай құтылып кетеді?,Қара лақ тек өзінің несіне сенеді?,Айқасқа сиырдың бұзауы қандай болады?сұрақтарға ертегінің қызықты жерлерін, кейіпкерлері туралы балалар жарыса айтып берді. Шара барысында балақайларға кітапхана қорындағы 5-6 жас балалар тобына арналған ертегілер мен қатар суретті кітаптар апарылып таныстырылды нәтижесінде топ жетекшісі Алматова Гүлзира Алтын мүйізді киік атты кітапты балаларға ертеңгі күні оқып беруі үшін жаздырып алды