«Ерте, ерте, ертеде…» атты қазақ ертегілері


Дауыстап оқу

Қалжан ахун ауылдық кітапханасы «Дауыстап оқу» жобасы аясында «Ерте, ерте, ертеде…» атты қазақ ертегілерінен дауыстап оқуды 2018 жылы, 2 сәуір күні өткізді.

Шараның мақсаты:

Бүлдіршіндерді халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

Бүлдіршіннің тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл – ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дауыстап оқу кітап жайында сөз қозғалып, «Кітап нені сүйеді?» сұрақ-жауап ойынымен бастау алды.

№126 қазақ мектебінің 0-1 сынып бүлдіршіндер назарына қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген қазақ ертегілермен таныстырып, сүйіп оқуға бағышталған «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

Кітап көрмесіндегі «Қазақ ертегілері», «Өнегелі ертегілер», «Дудар қыз», «Қарынбай», «Ертегілер еліне саяхат», «Сұлу мен құбыжық», «Қызыл телпек», «Ұсқынсыз үйрек», «Аюлар қаласы», «Қызыл қоңыз» панорама кітаптары, т.б. ертегілермен таныс болды.

Кітапханашы балаларға «Шалқан» ертегісін дауыстап оқып берді. Бүлдіршіндер ертегіні мұқият тыңдап, ертегі бойынша кейіпкерлерді атап, сұрақтарға дұрыс жауап берді. Ертегі арқылы бүлдіршіндер «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ауызбіршіліктің не екенін біліп, әрдайым бір-бірлеріне қол ұшын беруге дағдыланды.

Тек қана кітаптар емес, ертегі сүйер оқырман сұраныстарына ие болған «Ертегілер әлемінде», «Ертегілер елінде» журналымен саяхат жасап,

«Ойнайық та, ойлайық!» тақырыбында сергіту жаттығулары: «Ойлан тап?», «Айырмашылықтарын тап», сұрақтарға дұрыс әрі шапшаң жауап берудің арқасында бүлдіршіндер әдемі «Кітапхана» сөзжұмбағын құрастырды. Ой-өрістерін кеңейтуге көмектесетін жұмбақтар шешті