Жадыра Дәрібаеваның шығармаларынан поэзия кеші


Жетікөл ауылы                                                                                                      25 мамыр 2018 жыл

Ауылдық кітапханада «Дауыстап оқу» жобасы аясында ақын, жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР –ның алғашқы әнұранының авторларының бірі Жадыра Дәрібаеваның шығармаларынан поэзия кеші өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, кітапханашы «Дауыстап оқу» жобасының мақсатына да тоқталып өтті. «Дауыстап оқу» жобасы әдеби көркем шығармалар арқылы жастарды, жасөспірімдер мен балаларды кітап оқуға қызықтыру, ой-өрісті дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету мақсатында үйымдастырылғандығын айтып өтті. Одан соң ақынның «Ана көңілі» өлеңін Қалдыбаева Назым, «Жетім баланың монологын» Есенжол Ақнұр, «Әкеме» өлеңін Тұрсынәлі Толғанай, «Ақиқат дауысы» Нұрланқызы Сандуғаш, «Уақыт жайлы» Досым Бекжан, «Жабайы жылқы» Досмағамбет Ақылжан сынды оқушылар жатқа дауыстап мәнерлеп оқып берді. Зейнеткер –ұстаз Жәкенова Гүлсім апай Жадыра Дәрібаевамен бір оқу орнында оқығанын, оның талантты ақын екенін айтып, ақынның 70 жасқа толу мерекесімен құттықтап, оқушыларды осындай аға –апаларының өлеңдерін жатқа айтып, ойға түйе беріңдер деп ақылын айтты. Әрбір өлеңінде үлкен өмірлік қағида, маңызды мағына жатқандығын жеткізді. Шара барысында «Қазақтың арманын аспандатқан ақын ».атты кітап көрмесі таныстырылды.