«Жырларымнан аңқиды, туған жердің жусаны»


«Жырларымнан аңқиды, туған жердің жусаны»
(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы мен биылғы жылғы Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Дауыстап оқулар» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушыларының шығармашылығынан
Дауыстап оқулар өткізілді

Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапхананың фойесінде 2018 жылдың 31 қаңтар қуні «Дауыстап оқулар» жобасы аясында «Жырларымнан аңқиды, туған жердің жусаны» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Туған жер» атты жобасы аясында және Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Тереңөзек топырағынан түлеп, Сыр елінің ұлағатты ақындары атанған, ауданымыздың мәдениетіне, руханиятына, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына арналған дауыстап оқулар аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері және поэзия сүйер қауым арасында өткізіліп, барлығы 34 адам қатысты. Мәдени шарада арнайы кең көлемді «Ақындарын ардақтаған Сыр елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.