«Кітаптар шежіресі: кеше, бүгін!» атты мерекелік шара


«ДАУЫСТАП ОҚУ»жобасы бойынша өткізілген шара:

Шаған ауылдық кітапханасында сәуір айының 23 күні «Шаңырақ» клуб мүшелері арасында 23сәуір кітаппен автор құқығын қорғау күніне орай «Кітаптар шежіресі: кеше,бүгін»атты тақырыпта -дауыстап оку өткізілді. Қатысқандар саны-21.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітаптар шежіресі:кеше,бүгін,!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

 Қуан кітап, қуанатын күн бүгін

 Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

 Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

 Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

 Той басталды, халайық,

 Үміт отын жағайық.

 Кітап күнін ұлықтап,

 Биден шашу шашайық!

 Асқақ шырқар жыр-әнін.

 Таңытатын жаңа әлемде,

 Біз – озық ел ұланы!

Кітапханашы Алма апай кітаптарпен автов құқығын қорғау жайлы терең мағлұмат айтып берды.        «Шаңырақ»клубының мүшелері Жәнібек Дидар,ӘбілатайНұрасыл,Ерасыл,Мөлдір,Жұрсаялар балалар ақын,жазушыларының Б..Соқпақбаев,Т.Дауренбеков,М.Әлімбаев,Ә.Табылды.,Қ.Баянбай таңдамалы шығармаларын дауыстап оқып танысты.

«Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлері»атты кітап көрмесі әдебиеттеріне шолуды кітапханашы Алма апай таныстырды.

Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық! Осындай игілікті шаралар көп болғай дей келе «Оқитын ел – озық ел!»-деп кітапханашы дауыстап оқуды қортындылады.