Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен


«Әжейдің қызықты ертегілері»

Дауыстап оқулар өткізілді

Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әжейдің қызықты ертегілері» атты дауыстап оқулар аудан орталығындағы №35-ші мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы лагерінде бастауыш мектеп оқушылары, тәлімгерлер, тәрбиешілер, БАҚ өкілдері арасында өткізіліп, барлығы 29 адам қатысты.

Мәдени шараның негізгі мақсаты: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.

Аталған шараға кішкентай оқырмандар қатысып, іс шараның барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота», «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық», «Ақшақар», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үш аю», «Маша мен аю», «Түлкі мен тырна» ертегілері дауыстап оқылды.

Кітапхана қызметкерлері аталмыш ертегілер кейіпкерлерінің мінез-құлқына, істеріне баға бере отырып, балаларды жақсылық мен қайырымдылыққа шақырды. Сонымен қатар «Ертегілер еліне саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жан-жақты насихатталды.

Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарасты. Балалар мәдени шарадан ескерткіш ретінде қатысушылардың барлығы суретке түсті. Мәдени шара өз дәрежесінде өткізіліп, қызықты да тартымды болып өтті.