«Ғасырда бір туатын дарабоз» атты поэзия үні


Сырдария аудандық орталық кітапхананың пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Дауыстап оқу – руханиятқа талпынысты ояту» жобасы аясында Хантәңірінің мұзбалағы,ақиық ақын, тау тұлғалы талант,дарынды дарабоз,миллион сырлы сезімнің егесі – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты поэзия үні мектеп оқушылары,ұстаздар,кітапхана қызметкерлері арасында өткізілді.Шараға 16 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру,ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту.Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға,халқына,тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,отаншылдыққа тәрбиелеу.Мектеп оқушыларын Мәдени шараны кітапханашы Абенова Гүлдана: « Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы,өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы» деп ,поэзия үнінің негізгі мақсаты мен бағдарламасы туралы айттып өтті.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы,шығармашылығымен кітапханашы Құлмаханова таныстырып өтті. Ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңің 10 сынып оқушысы Сейтенова Адина жатқа айтты.Келесі кезекті оқушылар:

Жаппаров Жантөре – «Отан», «Қара өлең»,Бақтығалиев Бақдаулет – «Бұлқынып жатыр»,«Шеше сен бақыттысың». Бекболатова Диана – «Қазақстан», Жақсыбаева Альфия – «Қаздар қайтып барады», Ыдырысова Анель – «Үш бақытым», Хамитова Айзада – «Пай,пай өмір» өлеңдерің оқып шықты.Шара соңында арнайы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты кітап көрмесімен Әлиева Мариаш таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.