«Қазақ ертегілерін оқиық!» атты дауыстап оқу шарасы


 Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасында «Дауыстап кітап оқу-руханиятқа талпынысты ояту» дауыстап оқу жобасы аясында «Қазақ ертегілерін оқиық!» атты дауыстап оқу шарасы болып өтті. Шараға «Еркін бөбек» балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты.

Кештің мақсаты: бала бойына қазақ ертегілері арқылы жақсы қасиеттерді сіңіру, жас жеткіншектерді оз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, қазақ ертегілерін оқып, ой-өрістерін дамыту.

Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, қазақ ертегілеріннің сан түрлігіне тоқталып өтті. Қазақ әдебиетінде ертегі ауызша шығарған көркем әңгіме болып табылады. Қазақ ертегілерінің көпшілігі- ерте заманнан келе жатқан шығармалар. Ертегілерден ертедегі адамдардың дүние және жаратылыс туралы, табиғат құбылыстары жайындағы түсініктердің қай дәрежеде болғандығын айқын көруге болады. Ертегілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, реалистік ертегілер болатынын атап айтты.

Шарада кітапханашы бүлдіршіндірге қазақ ертегілерінің бірнешеуін дауыстап оқып берді. Атап айтсақ «Бала мен қарлығаш», «Ақ лақ пен қара лақ», «Торғай мен тышқан», «Патша мен бүркіт», «Қасқыр мен жеті лақ», «Қоян мен тасбақа», «Айлакер түлкі», «Жалқау мысық», «Қоян мен тасбақа» атты ертегілері дауыстап оқып берді.

Шара соңында тәрбиеші Искендирова Эльвира сөз алып, қазақ ертегілерінің түрі жануарлар туралы ертегілерге тоқталып, жануарлар туралы ертегілердің өзі екі түрде алынатынын, яғни бір тобы төрт түлік малға ,үй жануарларына арналса, екінші тобы жыртқыш аңдар, яғни адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдік бейнеленеді деді.

Кеш соңында кітапханашы балаларға қазақ ертегілері жазылған кітаптарды таратып, олармен таныстырды.