Асқар Тоқмағанбетов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаев ақынның өлеңдерін дауыстап оқу сайысы


«Дауыстап оқу- руханиятқа талпынысты ояту» жобасы аясында қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев «Шоқтығы биік ақын» мектеп оқушылары арасында ақынның өлеңдерін дауыстап оқу сайысы өтті. №135 А.Тоқмағамбетов атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар,кітапхана оқырмандары қатысты. Сайыс барысында ақынның өмір жолы, шығармашылығы кеңінен насихатталды.Мәдени шараның мақсаты: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сыр елінің әдебиетіне үлес қосқан жергілікті ақын шығармашылық мұраларын таныта отырып, ақының өлеңдерінің идеясын меңгерту.Сайысқа білікті мамандар қазылық жасады. Жыр кешіне мектеп оқушылары, бүлдіршіндерде атсалысып Мұқағали атамыздың ән-жырларын оқыды. Рүстембеков Алдияр мен Бекболатова Аяулым өз нақышына келтіріп Мұқағали мен Фариза туралы сахналық қойлым көрсетті. Кітапхана оқырмандары қонаққа келіп,Мұқағали атамыздың жырларын тарту етті.Жыр кеші соңында ерекше өнер көрсеткені үшін оқушылар алғыс хаттармен марапаталды. Аталмыш іс-шара соңыңда ақынға арналған «Ғасыр ақыны-Мұқағали» атты кітап көрмесі ұсынылды. Онда кітапхана қорындағы ақын Мұқағали Мақатаевқа байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі мәліметер орын алды. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан төрт оқырман жазылып, он кітап оқуға берілді.