Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауыстап оқу — руханиятқа талпынысты ояту» атты кітапхана жобасы


Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын бетке ұстай отырып, өзіміздің мәдени ошағымызда биыл екінші жылға аяқ басып отырған «Дауыстап оқу» жобасынының шымылдырығын ашу құрметіне ардақты ақын М.Сақтапов ағамыз ие болды. Жыл басында мәдени шараға келген жергілікті ақын, «Қайырлы таң туған жер»,«Көктем шуағы» атты тамаша жыр жинақтарының авторы Мұқтар Сақтапов ағамыз ең алдымен кітапхана ұжымына зор денсаулық пен халыққа қызмет көрсету барысындағы еңбектеріне табыстар тіледі.Осы орайда сонымен қатар «Дауыстап оқу-руханиятқа талпынысты ояту» атты кітапхана жобасының жалпы халыққа,соның ішінде поэзияға жан дүниесі жақын жандарға өте керек дүние екеніне тоқталып өтті. Бұл бір жағынан әсіресе жастардың назарына жыр жауһарларын түсірудің тағы бір жолы. Ақын мәдени шарада шабыттанып, өзінің бірнеше өлеңдерін жатқа оқып берді. Келесі кезекте сөз алған кітапхана басшысы Гүлстан Нұржакиева «Танымның бір тамашасы кітапта, оларға қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, адамзат баласы қай кезенде де өзіне және өзгеге рухани азық болатын кітап жазудан және оны оқудан ешқашан қол үзген емес. Ал біздің осы жоба аясында осындай еңбектерді көпшілік арасында дауыстап оқу арқылы жан сарайын ашылып, көкірек көзін ашылады дей отырып, ақынның «Тереңөзек» атты өлеңін нақышына келтіре оқып берді.Мәдени шараға арнайы келіп қатысқан М.Сақтаповтың шәкіртті А.Ибрагимов ақын жайлы өзінің жылы лебізін білдіріп, ақынның тілге орамды, жүрекке жылы тиетін «Туған елім -тағдырым», «Сыр» атты өлеңдерін оқыды. «Ақынын ардақтаған ел бақытты» атты дауыстап оқуда басқа да бірнеше кітапханашылар ақынның туған жерге, елге және де махаббат тақырыбындағы бірнеше өлеңдерін оқып, қолтаңба алды. Мәдени шарада «Мұқтар Сақтапов – Сыр бойының сыршыл ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.