Қалжан ахун модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тыңда мені жүрекпен»атты дауыстап оқу сағаты


«Дауыстап оқу» жобасы аясында өткізілетін Ақын,қоғам қайраткері,қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ілияс Жансүгіровтың шығармалар жинағын насихаттау мақсатында «Тыңда мені жүрекпен»атты дауыстап оқу сағаты болып өтті. Кешке мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараның мақсаты: жас өспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұргыда жеткізе білуге дағдыландыру; жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру және өлеңдерін дауыстап оқу.Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру.Кешті 8 сынып оқушыларыАйбекұлы Темірбек пен Серікқызы Маржан жүргізіп отырды. Мәдени шарада ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды және өлеңдері дауыстап оқылды. Кітапхана оқырмандары өлеңдерін оқып беру арқылы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін жеткізді.