Асқар Тоқмағамбетов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыр бойының талантты перзенті» атты әдеби-жыр сағаты


Асқар Тоқмағамбетов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жерлесіміз Қайырбек Асановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Сыр бойының талантты перзенті» атты әдеби-жыр сағаты болып өтті. Кешке №136 мектептің оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: Ақынның өнегелі өмірі жайлы өлеңдерін оқыту арқылы көркем сөйлеуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, поэзияға деген құштарлығын туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас буынның тарихи танымдарын, мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру және өлеңдерін жатқа оқу. Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Мәдени шара өту барысында ақынның өнегелі өмір жолымен таныстырылып, туып өскен ауылының тыныс тіршілігі, бүгінгі ел ағалары жайлы жыр толғап, өмірлік өнеге боларлықтай өшпес із қалдырған ақын журналистер Одағының мүшесі Сырдария ауданының тумасы ізгілік пен адалдықты ту еткен ақын Қайырбек Асановтың өлеңдері насихатталды. Кітапханашы ақын Қайырбек Асановтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды, Кітапхана оқырмандары өлеңдерін оқып беру арқылы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін жеткізді. Мектеп оқушылары Ахметбекова Самира «Тағзым», Бақытжан Ақылбек «Сырдария», Базарбаева Ақниет «Балалықты еске алу», Байілдаева Шахназ «Туған жер ыстық мекенім», Бәрзу Нұрай «Қайсар қыз», Нұғмадулла Нұржан «Ана» атты өлеңдерін жатқа оқыды.«Сырда туған сыршыл ақын» атты көрмесімен кітапханашы таныстырып, шолу жасады. Нәтижесінде жаңадан 3оқырман кітапханаға тіркеліп 5 кітап оқуға берілді.