Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен бір жанмын өтер мәңгі жыр жазып» атты әдеби-жыр кеші


Ақын, журналист Қайырбек Асановтың 75 жасқа толуына орай «Дауыстап оқу» жобасы аясында Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Қайырбек Асановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мен бір жанмын өтер мәңгі жыр жазып» атты әдеби-жыр кеші «Желкен» әдеби – танымдық клубы мүшелері мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Мақсаты өскелең ұрпаққа ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Сырдария ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Қайырбек Асановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстырып насихаттау, жас ұрпақты ақынның сыршыл сезімге, нәзік иірімге толы өлеңдерімен сусындатып, өміріндегі адалдықты, өнердегі тазалықты, өркен жайған ауыл мен қаланы, сағым көмкерген даланы арқау еткен шығармаларын дауыстап мәнерлеп оқу арқылы өлең –жырға деген қызығушылығын арттыру.