Сырдария аудандық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Болмыс бітімі бөлек ақын» атты бір ақын сағаты


Талайды табындырған, небір сүлейлерді тудырған, “Алаштың анасы» атанған Сыр өңірі қашаннан темірқанат дарындардың ыстық ұясы, талай қазақ әдебиеті алыптарын дүниеге келтірген қасиетті мекен. Сонау жырақта жүрсе де туған жері сыр өңірін есінен бір сәт шығармаған, Сыр топырағында түлеп, ата-баба дәстүрінен нәр алған,жерлесіміз, ақын, журналист Қайырбек Асановтың 75 жылдық мерейтойына Сырдария аудандық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асановтың 75 жасқа толуына орай «Болмыс бітімі бөлек ақын» атты бір ақын сағаты № 210 О.Абдулпаттаев атындағы мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Ақынның өмір жолын және шығармаларын оқырман қауымға насихаттау. Ақынның шығармалары арқылы балаларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеп, поэзия атты құдірет күшке қызушылығын арттыру. Мәдени шараны Асанова Гүлмира ақынның өмірбаянымен шығармашылығын таныстырды. Мәдени шара өту барысында мектеп оқушылары ақынның өлендерін жатқа оқыды. Айтып өтсем Қайырбекова Торғын «Сырдария», Перментай Балжан «Оқырманға», Темірбекова Нұрай «Туған жер туралы толғау», Талғатқызы Ханшайым «Әйел» атты өлеңдерін жатқа оқыды.Шара соңында «Сырдын сырбаз ақыны» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.