С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адалдық асыл-мұратым» атты жыр сағаты


С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауыстап кітап оқу- руханиятқа талпынысты ояту» жобасы аясында Сыр елінен шыққан ақын, Қазақстан жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы Қайырбек Асановтың туғанына 75 жыл толуына орай «Адалдық асыл-мұратым» атты жыр сағаты кітапхананың белсенді оқырмандар, мектеп оқушыларының қатысумен өткізілді. Мақсаты- Сыр елінен шыққан ақын Қайырбек Асановтың өмірі мен шығармаларын, өлеңдерін кең көлемде насихатап, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру. Отанын, елін- жерін қорғауға, сүюге адалдыққа, шыншылдыққа шақыру. Шарада кітапханашы жүргізіп, ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталып өтті. Ақынның «Ана», «Хат», «Әке тілегі», «Ғұлама»,» «Адалдық» Әбдіғапарқызы Әсел, Ерболатқызы Арай,Серікқызы Нұрай, Болатұлы Ербол, Ақанұлы Серік жатқа оқыды және ақын туралы жазылған ақын-жазушылардың ой –пікірлері мен лебіздері тыңдалды. Кеш қонағы зейнеткер, ұстаз кітапхананың тұрақты оқырманы, ақынның замандасы Мырзағалиева Тұрсынай апай ақын жайлы естеліктер айтып, ақынның «Туған жер ыстық мекенім» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. «Сыр елінен шыққан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.