Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыр бойының талантты перзенті» атты поэзия кеші


Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауыстап оқу» жобасы аясында ақын Қайырбек Асановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сыр бойының талантты перзенті» атты поэзия кеші №37 мектеп оқушыларымен өткізілді. Шараның мақсаты: Жастарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстырып насихаттау. Өскелең ұрпаққа ақынның сыршыл сезімге,махаббатқа толы өлеңдерін, адалдықты, тазалықты арқау еткен шығармаларын дауыстап мәнерлеп оқу арқылы өлең-жырға қызығушылықтарын арттыру. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, Қайырбек Асановтың поэзияда үлкен орын алатынын атап айтты. Кеш барысында оқушылар Асановтың өлеңдерін оқыды. Атап айтар болсақ «Сенім» өлеңін Қылышбек Сабиназ, Бағдәулетова Мерей «Сыр елі» атты өлеңін, «Туған жер ыстық мекенім» атты өлеңін Төлепов Дінмұхаммед, «Күз» атты өлеңін Берік Нұрғиса мәнерлеп оқып берді. Кешті кітапханашы қорытындылап «Сыр бойының талантты перзенті» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.