Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Ширатқан жүрегімен өлең-жырын» атты мәнерлеп оқуы


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының оқу залында «Дауыстап оқу-руханиятқа талпынысты ояту» жобасын абзал азамат, ардақты ақын, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», жерлесіміз Қайырбек Асановтың биылғы жылы 75 жылдық мерейтойы аталып өтілуіне орай және ақын шығармаларын насихаттау мақсатында «Ширатқан жүрегімен өлең-жырын» атты мәнерлеп оқу болып өтті.

 Шараның мақсаты: Ақынның өмір жолымен кең көлемде таныстыра отырып. ақынның ұлы Отанға, атамекен туған жерге деген жүрек жарды жырларымен қоса, аяулы сезім-махаббатқа, достыққа толы өлеңдерін шабыттана оқуға шақыру.

 Шараға кітапхана оқырмандары, кеш қонақтары және мектеп оқушылары қатысты. Шара өту барысында ақынның өмірбаяны мен шығармасы жайлы кітапханашы таныстырып өтті.Мектеп оқушылары әр түрлі тақырыптағы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Атап айтар болсақ: «Туған жер ыстық мекенім»,.«Балалықты еске алу», «Ауыл кеші», «Қайсар қыз»,«Ардақта аяулы адамды», «Сырдария», «Ауылым –алтын бесігім», «Қарашаңрақ», «Туған елім», «Жақсылықты аңсау»т.б. өлеңдері оқылды.Кеш қонағы кітапхана оқырманы Ж. Имағанбетов ақын жайлы өз тілегін айтып, кешке қатысқан оқушыларға ризашылығын білдірді. Кітапханашы «Сыр бойының таланты перзенті» атты кітап көрмесімен таныстырып, ақынның кітаптарына библиографиялық шолу жасады.