Қалжан ахун модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сырда туған сыршыл ақын» атты әдеби-жыр сағаты


Қалжан ахун модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы, жерлесіміз Қайырбек Асановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Сырда туған сыршыл ақын» атты әдеби-жыр сағаты болып өтті. Кешке №126 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: Ақынның өнегелі өмірі жайлы өлеңдерін оқыту арқылы көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, поэзияға деген құштарлығын туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас буынның тарихи танымдарын, мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру және өлеңдерін жатқа оқу. Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Мәдени шара өту барысында ақынның өнегелі өмір жолымен таныстырылып, туып өскен ауылының тыныс тіршілігі, бүгінгі ел ағалары жайлы жыр толғап, өмірлік өнеге боларлықтай өшпес із қалдырған ақын журналистер Одағының мүшесі Сырдария ауданының тумасы ізгілік пен адалдықты ту еткен ақын Қайырбек Асановтың өлеңдері насихатталды. Ақынның шығармалар мен ол жайлы айтылған естеліктерден ұйымдастырылған «Сыр бойының талантты перзенті» атты көрмемен кітапханашы таныстырып, шолу жасады. Нәтижесінде 2 оқырман кітапханаға тіркеліп 5 кітап оқуға берілді.