Аманкелді ауылдық модельді кітапханасы


Тел-факс:               31-18-75

Эл.почта:               amankeldi.bib@mail.ru

Facebook:               Аманкелді Модельді кітапханасы

Skype:                  Сырдария Аманкельди модельная библиотека

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында Сырдария аудандық кітапханасында Жаңа үлгідегі модельді кітапханасы ашылды.

Кітап рухани азық болатын адамның бірден бір серігі. Қашанда ой- өрісімізді, сана- сезіміңізді дамыту үшін кітаптың рөлі ерекше. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы аясында жүйе кітапханаларында көлемінде айтулы шаралар жалғасын табуда. Елді-мекендердегі оқырмандарға қызмет ететін кітапханалар жүйесі бір жолға қойылған. Осы орайда аудандық кітапханаға қарасты Амангелді ауылдық кітапханасында «Модельді кітапхананың» тұсаукесері өтті. Шараға ауыл әкімі Қ.Шегенұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ишатұлы, ауылдың құрметті ардагерлері Н.Әбдуов,Ө.Әлмұсайов, Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Л.Бәйтенова, аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева және жүйе кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Шараны ауыл әкімі Қ.Шегенұлы ашып, жаңа үлгідегі ауыл кітапханасының жергілікті ақпараттық, өлкетану, өзіндік білім алатын рухани орталыққа айнала отырып, бұл мәдени ошақтың болашақ ұрпаққа берер ұлағаты мол боларын айтты. Жаңа үлгідегі ауылдық моделді кітапханасының лентасын қию рәсімі ауылдың құрметті ардагерлері Найзабек Әбдуов пен Өмірзақ Әлмұсайовқа берілді. Бұдан кейін Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Л.Бәйтенова өз кезегінде Амангелді ауылдық кітапханасының қайта жарақтандырылған жаңа үлгідегі ауыл кітапханасы болып қайта ашылуымен құттықтап, ауыл кітапханашысы Гүлзада Бұрқановаға «Жаңа үлгідегі ауыл кітапханасы» статусын иеленгендігі жайлы сертификатты табыс етті.
Шара барысында аудандық кітапхананың кітапханашысы С.Бәкірқызы кітапханаға арналып жазылған жергілікті ақын М.Сақтаптың арнау өленің жатқа оқыды. Арнайы шақырылған қонақтар салтанатты түрде модельді кітапхананың тыныс- тіршілігімен танысты.
Кітапхана жұмысымен танысқан қонақтар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған арнайы көрмені тамашалап және «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Амангелді ауылының тумасы ақын Қ. Баймағамбетовтың құрметі мен шығармашылығына арналған еске алу кешіне куә болды. Бұл мәдени шараға Қуаныш атамыздың ұрпақтары мен немере шөберелері қатысты.Шарада Қунаныш Баймағамбетов атындағы № 42 мектеп- лицейдің 9-10 сынып оқушылары ақын аталарының шығармашылығын жатқа оқыды.
Мәдени шара соңында кітапхана директоры Г.Нұржакиева жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына тілектестік білдіре отырып, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған ауыл кітапханасы өз оқырмандарын электрондық жеткізілімнің көмегімен кез келген әдебиетпен құжаттармен қамтамасыз ете алатын дәрежеге жетуі, интернет жүйесі арқылы құқықтық ақпараттар мен түрлі мағлұматтарды жылдам алуы кітапхана оқырмандары мен ауыл тұрғындары үшін үлкен жетістік екендігін айтып өтті. Шара өте мазмұнды және өз деңгейінде өтті.