Бесарық ауылдық кітапханасы


Кітап рухани азық болатын адамның бірден бір серігі. Қашанда ой-өрісімізді, сана-сезіміңізді дамыту үшін кітаптың рөлі ерекше. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан көлемінде айтулы шаралар жалғасын табуда. Елді- мекендер мен кент орталығында оқырмандарға қызмет ететін кітапханалар жүйесі бір жолға қойылған. Осы орайда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Бесарық ауылдық кітапханасында «Модельді кітапхананың» тұсаукесері өтті. Шараға ауыл ардагерлері , Ж. Әбжакенова, Е. Құлмағанбетов, Т. Тәсібаев, Ж. Әубәкір, Бесарық ауыл әкімінің жетекші маманы Б. Сүлейменова және аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шараны ауыл ардагері Құлмағанбетов Ерболат ағай ашып, Бесарық ауылдық кітапхананың белсенді оқырманы, мәдени шараларының тұрақты қатысушысы, кітапхана жанашыры болып келетіндігін айтып және қазіргі таңда көптеген белгілі жазушылардың әдеби кітап қорлары жинақталғандығын кітап оқуға толық мүмкіншіліктердің барлығын тілге тиек етіп кітапхана ұжымының жұмысына табыс тіледі. Бұдан кейін аудандық орталық кітапхананың әдіскері И. Қартбаева сөз сөйлеп, кітапханашыға модельді кітапхананың сертификатын тапсырды.

Өз кезектерінде ауыл ардагерлері мен тұрғындар ғаламтор желісіне кіріп бір мезетте, заманауи кітаптарды оқуға мүмкіндік алатындықтарына қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтса, Ауыл әкімінің жетекші маманы Б. Сүлейменова ауыл игілігіне айналған жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына табыс тілей отырып, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхананың оқырмандарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді.