Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен


Ұлттық әдебиетіміздің мақтанышына айналып,қазақ балалар прозасына өзіндік өнімді еңбегімен айтарлықтай үлес қосқан республика оқырмандарына кеңінен танымал қаламгер Танаш Дәуренбековтың шығармаларын насихаттау мақсатындағы «Аудан болып оқимыз»жобасы аясындағы қаламгердің балаларға арнап жазған шығармалары бойынша өтетін «Балалар прозасының шебері» атты көркем өнер сайысына кітапхана оқырмандары, №135 мектептің 8а-8б сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: «Аудан болып оқимыз» жобасы аясында жергілікті жазушы Танаш Дәуренбековтың жас ұрпаққа арналған,идеялық жағынан ұстамды, оқушыны адамгершілікке,парасаттылыққа, әдептілікке тәрбиелейтін шығармаларын насихаттау. Жазушы Танаш Дәуренбековтың өмір жолымен таныстырып өттіСырдария аудандық «Ұрпақтан ұрпаққа қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сыздықова Зылиха апай сөз алып жергілікті жазушы Танаш Дәуренбеков есімі қазақ балалар әдебиетімен тығыз байланысты. Жазушы қаламынан туған әңгіме, повесть, романдар балалар өмірінің әр қилы кезеңін арқау етеді. Бүгінгі сайыс № 135 А.Тоқмағамбетова атындағы орта мектептің 7-8а-8б сынып оқушылары арасында үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: Жазушы Танаш Дәуренбековтың прозалық шығармасынан үзінді оқу.

2-кезең: Жазушы ТанашДәуренбековтың балаларға арнап жазған шығармалары бойынша сахналық көрініс.

3-кезең. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы «Жыл кітабы – 2017» таңдауына иеленген көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан мәнерлеп өлең оқу.

Жазушы Танаш Дәуренбековтың прозалық шығармасынан үзінді оқу 8-б сынып қушылары Кенесбайұлы Әлжан «Құмдағы іздер»,Омар Ердәулет «Сыр балалары». 8 а сынып оқушылары Ерғазиева «Біз әлі кездесеміз»,Хамза Әйгерім «Біз әлі кездесеміз». 7 сынып оқушылары Еркінқызы Бағым «Таң атып келеді»,Бақытбеков Әсемай «Таң атып келеді». Жазушы Танаш Дәуренбековтың балаларға арнап жазған шығармалары бойынша сахналық көрініс «Шаштараз», «Қауын», «Мойындау» атты шығармалары бойынша сахналық қойлым қойды. 7-а сынып оқушылары жазушы Т.Дәуренбековтың балаларға арнап жазған шығармалары бойынша сахналық көрініс «Мойындау».8-а сынып оқушылары жазушы Т.Дәуренбековтың балаларға арнап жазған шығармалары бойынша сахналық көрініс «Қабікен қарт». 8-б сынып оқушылары жазушы Т.Дәуренбековтың балаларға арнап жазған шығармалары бойынша сахналық көрініс «Шаштараз». «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы «Жыл кітабы – 2017» таңдауына иеленген, Қазақ халқының ақыны және ағартушысы Абай Құнанбавтың ізін жалғастырушы, туған елін,жерін сүйетін Қазақтың ерекше дарынды,Қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан мәнерлеп өлең оқу. 7 сынып оқушылары Базарбаева Ақниет «Арманым»,Зарлықов Бекзатхан «Гүләйім».8–а сынып оқушылары Мырзалы Қыдыр «Алаш ұраны», Мұхамедиярова Тоқжан «Оқу». 8-б сынып оқушылары Серікбаев Рахат «Арыстан мен тышқан»,Мұратова Алина «Балалық күн». 5-сынып оқушылары Рүстембек Тоғжан «Қос үй», Рүстембекова «Мен Қазақ». Сайыс қортындысында жүлделі дипломен бірінші орынды 7 сынып оқушылары, екінші орынды 8 а сынып оқушылары,үшінші орынды 8 б сынып оқушылары еншіледі.«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша классик ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың және «Ауданболып оқимыз» жобасы аясында жазушы Танаш Дәуренбековтың прозалық шығармасынан үзінді оқу сайысында белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.Кеш соңында кітапханашы «Халқы қадірлеген жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.