Нағи Ілиясов ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен


«Аудан болып оқимыз» жобасы аясында биылғы жылы 1927 жылы дүниеге келген балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтың 90 жылдық мерекесіне орай шығармалары насихатталуда. Осы жоба аясында кітапхананың фоесінде «Халқы қадірлеген жазушы» атты ал кітапхананың оқу залында «Қазақтың көрнекті қаламгері» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Жазушы шығармаларын насихаттау барысында арнайы іс шара жасалып «Ізденсем, білсем» танымдық клубының мүшелеріне Дәуренбеков туралы ауылдан білетін кісілерді ағайын туыстарын іздеу тапсырылды. Нәтижесінде сұрай келе № 132 мектептің бастауыш сыныбының мұғалімі Қараева Қуанышкүл апайдана жазушы туралы көптеген материалдар алып арнайы « Халқы қадірлеген қаламгер» атты слайд презентация жасалды. Жинақталған әдебиеттерінен кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар клуб мүшелерімен бірлесіп 14 ақпан күні «Бала жанының білгірі» атты 5-6 сынып оқушылары арасында жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында көркем өнер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, ана тілімізге деген қамқорлықпен еліміздің тарихындағы жүріп өткен соқпағымен сүрлеуін, бүгінгі жастар жадында мәңгі сақтау, жастардың бойында патриоттық сезімдерін нығайта түсу, дүниетанымдарымен сана сезімдерін өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. Көркем өнер сайысы жазушының балаларға арналған шығармалары бойынша сахналық көрініс қою және осы оқыған шығармалары бойынша шығарма жазу мен А4 форматында берілген шығармалар бойынша сурет салу жанрлары бойынша сайысты. Сайыстың нәтижесі бойынша әділқазылар Қараева Қуанышкүл, Құлмақанова Раушан, Бітімбаева Фаризаның бағалауымен сахналық көріністен «Бибінің балгер кітабы бойынша өнер көрсеткен 5 «а» сынып оқушылары бірінші орынды, «кітаптар мұңы» әңгімесі бойынша өнер көрсеткен 5 «б» сыныбы екінші орынды, үшінші орынды « кімнің жұмысы» әңгімесі бойынша 6 «б» иеленді. «Кітаптар мұңы» мысалы бойынша шығарма жазған 6 «а» сынып оқушысы Оразбекова Ақмарал, бірінші, «Көжек» әңгімесі бойынша 5 «б» сынып оқушысы Сүйінбек Қырмызы екінші, «Жаңа дүкенде» әңгімесі бойынша Мұхамбетқали Нұрбақыт үшінші орынды иеленді. Сурет салу жаныры бойынша бірінші орынды Зұлбұқар Ұлбике «кітаптар мұңы» шығармасы бойынша, екінші орынды «Кімнің жұмысы» шығармасы бойынша 6 «а» сынып оқушысы Қалыбеков Перизат, үшінші орынды Сапарбек Ерасыл алды. Кешті ауыл әкімінің бас маманы Қалыбай Асқар мен ұстаз Таутен Мариямкүл апай ашып берді. Кеш барысынды мәдениет үйінің фойесіне ұйымдастырылған «Халқы қадірлеген қаламгер» атты кітап көрмесімен кітапханашы оқырмандарды таныстырып өтті. Жазушы шығармаларына қызыққан балалар мен оқырмандар «Көжек», «Жирма тиын», «Таң атып келеді» романдарын жаздырып алды. Кешті арнайы «Тіршілік тынысы» газетінен келген тілші түгел түсіріп алды.