Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен


21 сәуір күні оқу залында 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай балалар жазушысы, жерлесіміз Танаш Дәуренбековтің туылғанына 90 жыл толуына орай және «Аудан болып оқимыз» акциясы аясында «Балалармен сырласқан сырбаз жазушы» атты бір жазушы сағаты мектеп оқушылары, ұстаздар, зейнеткерлер арасында өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздің мақтанышына айналып, қазақ балалар прозасына өзіндік өнімді еңбегімен айтарлықтай үлес қосқан республика оқырмандарына кеңінен танымал қаламгер, жерлесіміз Танаш Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап оқырмандарға жеткізу. Автордың балаларға арналған шығармаларын арнайы өлеңдерін оқыту, әдеби көріністері арқылы насихаттап жеткізу болды. Мерекеге сай мәдени шара өткізілетін залды билборд, дәйек сөздер, түрлі-түсті шарлармен безендіріліп ілінді.

Жүйе кітапханаларында жыл сайын жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Аудан болып оқимыз» атты үлкен жобамыз жұмыс жасалып жатқандығы, биылғы жыл таңдауы бойынша жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдауда қазақ оқырмандарына кеңінен танымал қаламгер, балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтың шығарламалары таңдалғанды туралы кеңінен айтылды. Мәдени шарада балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен айтылды.

Келесі кезекте жазушының «Кімнің жұмысы» атты әдеби көрініс қойылды. Көріністі мектеп оқушылары Әскербек Еңлікқызы мен Құрманғазин Ұлан, кітапханашы Ахметова Эльмира орындады.

Мұнан соң автордың «Ана туралы» өлеңін Асқарова Алинур, «Торғай туралы» өлеңін Қалдыбекова Ақеркелер жатқа оқып берді.

Келесі кезекте автордың шығармалары «Жиырма тиын» (кейіпкері Бақыт) оқитын Кеңесбай Нұртуған, «Сыр балалары» (кейіпкері Смайл) оқитын Сариев Асылмұрат, «Құмдағы іздер». (кейіпкері Савельев Марат) оқитын Аманкельдиев Сәкен) бойынша шығарма кейіпкерлері сөз алды.

Мұнан кейін кешіміздің қадірлі қонағы зейнеткер Бәйменов Рахымжан атамызға сөз берілді. Мәдени шара соңында кітапханашы Ахметова Эльмира «Бала жанының бапкерi» атты тақырыпта кеңінен танымал қаламгер, балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кең көлемді кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.

Құттықтау сөз кезегін Аудандық орталық кітапхананың директоры Нұржакиева Гүлстан апайға беріліп, мәдени шараға белсене қатысқан балаларға сый-сияпат жасалды. Мәдени шара қызықты, әрі тартымды болып өтті. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 5 жаңа оқырмандар тіркеліп, 8 кітап оқуға берілді.