Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен


Кітапхана оқу залында танымал қаламгер Танаш Дәуренбековтың шығармаларын насихаттау мақсатындағы «Аудан болып оқимыз» жобасы аясында «Шығармаларынан керемет сыр өрілген» атты тақырыпта таным кеші болып өтті.

Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға ана тілімізге деген қамқорлықпен еліміздің тарихындағы жүріп өткен соқпағымен сүрлеуін, бүгінгі жастар жадында мәңгі сақтау, жастардың бойында патриоттық сезімдерін нығайта түсу. Шара барысында жазушы Танаш Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен жазушы қаламынан туған әңгіме, повесть, романдардың тәрбилік мәні зор екені айтылды. Оқушылар Танаш Дәуренбековтың «Құмдағы іздер», Әбдірашитова Нұрай «Таң атып келеді» Жарқынбекқызы Мариям «Сүмбіле» «Қайдасың Гүлшат» Әбусағатова Набат роман повестерінен үзінді оқып кеңестендіру кезеңінен бастау алар тағдырлар тарихы Ұлы Отан соғысындағы тыл тіршілігімен ұштасатын шағын бір ауылдың адамдарымен балаларының өмірі арқылы бүкіл қазақ ауылының басынан кешкен тылда аянбай тер төккен қарттар мен әйелдердің, әлі буыны бекімеген балалардың ерен еңбегі жесір әйелдердің тағдырымен танысты.Шара соңында оқушылар кітап көрмесімен танысып, жазушы шығармаларына қызығушылықтарын танытып, кітаптарын оқуға алды.