№1 филиал кітапханасының ұйымдастырумен


2 бөлімді кеш ұйымдастырылды.Оның І-ші бөлімі «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Танаш Дәуренбековтың балаларға арналған шығармалары бойынша 6 сынып оқушылары арасында «Балалармен сырласқан сырбаз жазушы» атты прозалық шығармаларынан сайыс өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұратымызды сақтап, жастарды отаншылдыққа, өнегегілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, ана тілімізге деген қамқорлықпен еліміздің тарихындағы жүріп өткен соқпағымен сүрленуін, бүгінгі жастар жадына мәңгі сақтау, жастардың бойына патриоттық сезімдерін нығайта түсу дүниетанымдарымен сана сезімдерін өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту. Сайысқа №36 мектептің 6 сынып оқушылары «Білімділер» тобы мен №35 мектептің 6 сынып оқушылары «Дарын» тобы және кеш қонақтары, жанкүйерлер қатысты. Сайысқа «Мүгедектер қоғамы» қызметкері Жантүгелов Биболат ағай, «Еркін бөбек» балабақшасының меңгеруші Бекпенбетова Қызғалдақ, аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкері Құлмаханова Раушан қазылық жасады.Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, Танаш Дәуренбековтың өмірдерегімен, шығармашылығымен таныстырып өтті. Сайыс 4 турдан өткізілді.1-тур- Таныстыру, 2 тур-Жазушының шығармаларынан үзінді айту, 3 тур-Сұрақ-жауап туры, 4тур-Үй тапсырмасы, яғни жазушының шығармаларынан көрініс көрсету.Сайыстың нәтижесінде І-ші орынды №36 мектептің «Білімділер» тобы иеленсе, ІІ-ші орынды №35 мектептің «Дарын» тобы иеленді. Кештің жалғасы сайыстың ІІ-ші бөлімі «Бір ел, бір кітап» акциясын аясында «Жыл таңдауы-2017» жылға лирик ақын,алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына арналған «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты көркем сөз оқу сайысымен жалғасты. Мұнда екі топ тең түсіп арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңында жазушы Танаш Дәуренбековке арналған «Тұғыры биік қаламгер» атты көрмемен және лирик ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Сөз сұлтаны-Сұлтанмахмұт» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалынды.Кеш соңында бишілер тобы би билеп, әндер айтылып, естелік суретке түсті.