«Дарынды күміс көмей ақын» атты бір ақын сағаты


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы жұмыстарды жалғастыра және жандандыруға өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне , ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштары оның ішінде жергілікті ақын-жазушыларының шығармашылығын кеңінен таныстырып насихаттау мақсатында «Оқитын өлке» жобасы бойынша 2018 жылдың таңдауы болып алынған ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы жерлесіміз Қуаныш Шәкірұлы Баймағанбетовтың шығармашылығын таныстыру үшін Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Дарынды күміс көмей ақын» атты бір ақын сағаты кітапхананың оқу залында болып өтті. Кітапханашы ақынның өмір жолы және шығармаларымен таныстырып, «Сырды жырлаған ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ақынның суреті, кітабы, өлеңдері, қысқаша өмірбаяны, газет–журналдардан жинақталып қойылды. Кеш өту барысында Қуаныш Баймағамбетовтың – шығармалары туған жер, төрт түлік мал, жылдың әр мезгіліне, замандастарына арнаған арнау өлеңдері, жұмбақтары, айтыстары туралы айта келе, ақынның «Кедей жыры», «Әйел теңдігі», «Бейшара қажы» атты өлеңдері бар екендігі айтылып, автордың «Сырдың суы» атты өлеңін оқушы Шынғысбекұлы Азат жатқа оқып берді.. Сонымен қатар ақынның «Cырдарияның тасуы» Күмісбекұлы Ақылжан, «Тың ерлері» Бердібай Рахман ,»Наурыз» Қорғанбай Нұрай, «Сыр бойының мақтаны» Әбдірахмаова Асылзат атты өлеңдерін оқыды. Атап айтар болсақ ақынның осы соңғы өлеңі ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атамызға арналып жазылған екен.