«Жырдың тереңінен гауһар терген» атты поэзия кеші


«Өлке болып оқимыз» – жобасы аясында атқарылған жұмыстар

 16 Наурыз күні Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.Тоқмағамбетов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Сыр топырағы қашанда тума таланттардан кемде емес. Сыр сүлейлері деген осынау сөзді естігенде ойыңа Балқы Базар, Тұрмағанбет, Майлы Қожа,Кете Жүсіп, Жиенбай секілді атақты жыраулар оралады. «Оқитын өлке» жобасы аясында жалпыхалықты оқуға ұсыну, өнерді құлай сүйген қазақ халқының жадында жүрген, ақын жырау Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетовке арналған «Жырдың тереңінен гауһар терген» атты поэзия кешіне кітапхана оқырмандары, №135 мектептің 8-9 сынып оқушылары мен «Шабыт»поэзия клубының мүшелері қатысты.

Қатысқан оқырман саны – 32

Мәдени шараның мақсаты: «Оқитын өлке» жобасы аясында жалпыхалықты оқуға ұсыну мақсатында,ақын, жерлесіміз сыр елінен шыққан айтыскер ақын , ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетовтың өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау, ақынның өлеңдері мен хисса дастандары,айтыстарының мазмұнын оқушыларға түсіндіру, дәріптеу.

Кітапханашы ақын Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетовтың өмір жолымен таныстырып өтті.Ауылдық клуб қызметкері Ахметова Гүлшат сөз алып «Оқитын өлке» жобасының аясында оқушылар,ауыл тұрғындарына жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларын жыл сайын дәріптеп насихаттап келесіздер оқушылардың алар тәрбиелігі өте көп.

Жерлесіміз сыр елінен шыққан айтыскер ақын Қуаныш Баймағамбетовтың туған елін,жері табиғатын жырлаған өлеңдерін іс-шарада оқушылар мәнерлеп оқыды.

«Сырдың суы» атты өлеңі 6 сынып оқушысы Нұғымадилла Нұржан,«Құтты болсын» атты өлеңі 8 сынып оқушысы Бақытбекова Әсемай,«Жырласам туған жерімді» атты өлеңі 9 сынып оқушысы Мұратова Алина, «Бақ,Қыдыр,Ақыл» атты өлеңі 9 сынып оқушысы Ерғазаева Сара, «Жазғы гүл» өлеңі 8 сынып Омар Қанат,«Майы айы» 9 сынып Сансызбаева Әсел,«Қос қарлығаш»атты өлеңі 9 сынып оқушысы Кеңесбайұлы Әлжан, «Жігіт» атты өлеңі 9 сынып оқушысы Жолшыбеков Жұмабек, «Иіркөл каналы» 8 сынып оқушысы.

Қуаныш ақынның шығармашылық жолы айтыс өнерінен басталады. Одан кейін Иса Байзақов пен жұмбақ айтыс түрінде айтысып танысады. Иса Байзақов ақын мен Қуаныш Баймағамбетов атамыздың айтысынан үзінді орындағандар 8 сынып оқушылары Базарбаева Ақниет пен Бекболатова Аяулым.

Кеш барысында Қазанғап Тілепбергенұлының «Шынаяқ тастар»күйі 5 сынып оқушысы Темірбеков Әзиз, «Бақыт деген» әні 5 сынып оқушылары Сансызбаев Еркебұлан,Байділдаева Шахназ,«Шашу би» орындағандар «Айтұмар» би тобы.

Мәдени іс-шара қортындысында белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.Кеш соңында кітапханашы «Сыр сүлейі,ақын-Қуаныш Баймағамбетов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.

Мәдени іс-шара соңында кітапханаға жаңадан 4- оқырман тіркеліп, 8- кітап оқуға берілді.