«Жырлары жеткен ұрпаққа» атты бір ақын сағаты


Жетікөл ауылы                                                                                                                  26 наурыз

Ауылдық кітапханада «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр сүлейінің бірегейі, ақын Қуаныш Баймағамбетовтың жырларын насихаттау мақсатында «Жырлары жеткен ұрпаққа» атты бір ақын сағаты өткізілді.

Бұл мәдени шараның мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында өлкемізден шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, тарихи- мәдени, әдеби мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға шақыру, жастарға ақынның артында қалдырған ізгі қасиеттерге толы өлеңдерін, айтыстарын таныстыру болып табылады. Кеш қонақтары клуб қызметкері , жырау А.Өтеуов, зейнеткер оқырман, ақынның көзін көрген К.Мырзабекова , С.Төребаева, ардагер ұстаз Ә.Жүнісов және мектептің 6,9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шағрамашылығына тоқталып, көптеген мағлұматтар берді. Өтеуов Алмат ақынның айтыстары туралы, ақындығ туралы әңгімелеп берді. Зейнеткер оқырман, ақынның аулында туып өскен Мырзабекова Клара өзінің бала кезінен ақынның өзін көріп, өлеңдерін тыңдап өскенін, ақынның өмір жолынан өзінің білетін мағлұматтарын ортаға салды. Оқушылар ақынның «Сырдың суы», «Жиырма бес жыл», «Тың ерлері» , «Халық қажет», «Біздің жастар» атты өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Клуб мүшелері Д.Кеңесова мен А.Досым Кете жүсіп пен Қуаныштың айтысынан үзінді оқыды. Кеш барысында ақынға арналған «Сыр сүлейі, ақын – Қуаныш Баймағанбетов» атты кітап көрмесі таныстырылды.