«Менің жырым – жақсылықтың жаршысы» атты ақын сағаты


Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында өткізілетін жергілікті ақын Қуаныш Баймағанбетовтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Менің жырым – жақсылықтың жаршысы» атты ақын сағатының МӘЛІМЕТІ.

Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында өткізілетін жергілікті ақын Қуаныш Баймағанбетовтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Менің жырым – жақсылықтың жаршысы» атты ақын сағаты өткізілді.

Кеш кітапхананың оқу залында өтті.

Кешке мекеме қызметкерлері, мұғалімдер және мектеп оқушылары қатысты.

Сырдың сырлы шежіресін жыр еткен күміс көмей тума таланттарын ұрпақтары мақтанышпен еске алып, Сырдария аудандық кітапханасының бастамасымен әр жылды «Өлке болып оқимыз» атты девизбен туған жердің ақын – жазушыларының шығармаларын насихаттап, халқына таныстыру мақсаты жолға қойылған.

Кеште алғаш сөз кезегі әйелдер кеңесінің төрайымы Рахима Досжановаға берілді.

  • Ақын атамыз Қуаныш Баймағанбетовтың шығармаларын насихаттап, құрметтеп жатқан ұрпақтарына алғысымыз шексіз.

Қуаныш атасының жырын шабыттана оқыған оқушылар Айдосқызы Айзере, Серікбаева Гүлсім, Бауыржанқызы Жанар, Меңлібекова Нұрсая, Смағұлова Қымбаттардың өнерлерін көпшілік зор сүйіспеншілікпен тыңдады.

Кеш барысында «Сыр бойының шынары» атты кітап көрмесімен Н. Жуматаева таныстырды.

Кешке 15 адам қатысып, 4 жаңа оқырман тіркелді.

“Біздің ауыл” оқитын оқушы Айдосқызы Айзере