«Менің жырым – жақсылықтың нышаны» атты көркем сөз оқу


«Оқитын өлке» жобасы бойынша кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларының қатысуымен Сыр сүлейі, ақын – Қуаныш Баймағанбетовке арналған «Менің жырым – жақсылықтың нышаны» атты көркем сөз оқудан шара өткізді. Бұл кештің мақсаты: Суырып – салма айтыскер ақын Қуаныш Баймағамбетовтың шығармаларын көпшілікке насихаттау. Жастарды ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кеш барысында кітапханашы Г.Андасбаева балаларға Қуаныш Баймағамбетовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып өтті. Бір топ оқушылар ақынның өлеңдері мен толғауларын мәнерлеп оқып, көпшіліктің көңілінен шықты. 6 сынып оқушысы Шанжархан Назерке мен Биғали Жібек ақынның «Сымбатты Сырдың Сүлейлері» атты жырын мәнерлеп оқыса, Тәжібай Айзере мен Ергешбай Жанбота «Қуаныш пен Кете Жүсіптің» жұмбақ айтысын мәнерлеп оқып шықты. Қуаныш ақынның толғау өлеңдері де оқылды. Бегалы Асхат «Сырдарияның тасуы» атты өлеңін оқыса, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Рахия Әбдікәрімова Қуаныш Баймағмбетов жайлы өзінің оқыған, естіген естеліктерін әңгімелеп берді. Сонымен қатар балаларға өз тілегін білдірді. Сыр бойынан шыққан өзіміздің жерлесіміз Қуаныш атаның шығармаларын көбірек оқып, құнды дүниелермен танысу жастар сендердің міндеттерің, көп оқып, көп ізденсеңіздер мол табысқа жетерлерің анық дей келе жастарды көбірек кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Абызова Назгүл Амангелді ауылына барғанда Қуаныш Баймағамбетов мектебіндегі ақынға арналған шағын музейге барып, ақын жайлы көп ақпараттар алғанын әңгімелеп берді. Кеш соңында кітапханашы оқырмандарды «Сырдың сүлей ақыны» атты кітап көрмесімен таныстырып кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Сол күні кітапханаға 3 оқырман тіркелді.