«Семсер сөздің серісі» атты тақырыпта әдеби жыр


27.02.2018 ж Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Кітапхана оқу залында: «Оқитын өлке» жобасы аясында Сыр сүлейінің бірегейі, ақын Қуаныш Баймағамбетовтың жырларын насихаттау мақсатында «Семсер сөздің серісі» атты тақырыпта әдеби жыр кеші болып өтті. Мәдени шара барысында кең көлемде:
«Сыр өңірінің рухани биік тұлғасы» атты кітап көрмесі жасалып, көрмеге Ақын Қуаныш Баймағанбетов шығармалары мен ақын жайлы жазылған қазақ жазушыларының естелік әңгімелері мен газет материалдарынан жинақталған жазба деректер қойылды.

Мәдени шара мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында өлкеміздің шыққан ақын –жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға шақыру, жастардың бойында патриоттық сезімдерін нығайта түсу,оқырмандарды кітапханаға тарту.

Мәдени шарада сөз алған кітапханашы Абдреймова Лаззат,
«Өлке болып оқимыз» жобасы мақсатымен таныстырып, жыл таңдауы болып оқуға ұсынылған ақын Қуаныш Баймағанбетовтың өмірімен шығармашылығына тоқталып, «Өзінің туған халқының әдебиеті мен мәдениетіне, ұрпақ тәрбиесіне, адамгершіліктің асыл парызын насихаттау мен санаға сіңіру мақсатында аянбай мол еңбек жұмсаған Қуаныш Баймағамбетовтың жыр толғаулары бүгінгі жастардың және көрермендердің жүрек төрінен арын алды деп сенеміз» деп сөзін аяқтады.
Кеш қонақтары, 8 сынып оқушыларының қатысуымен болған мәдени шарада ақын өлең-жырлары мен дастандары, поэмалары мен айтыстарын тамашалады. Ақынның өзінің өмір жолының қалай басталғаны жайында жазылған
«Өзім туралы» өлеңін Мешітбаева Мейірім, Кете Жүсіп ақынмен жұмбақ айтысын Табынбаева Құндыз бен Орақова Қарақат, ақынның өрлеу кезеңі-кеңес дәуірі құрылған тұс, яғни жиырмасыншы жылдардың іші. Бұл шақта ақын Қазан төңкерісі әкелген жаңа өзгерістерді, партия саясатын қуана қарсы алып, бар ақындық шабытымен беріле жырлаған өлеңдерімен,

«Қазақстан – Алтын өлкем Астанам» -Алтынбек Дәуіржан

«Халық қажет» – Орақова Қарақат, туған өлке әлемі мен табиғат құбылыстары, адам арасындағы қарым –қатынастар жайлы толғау өлеңдері, сонымен қатар, қазақ ауылының өмірін, туып өскен ортасын , ел шаруашылығына белсене араласқан еңбек адамдарының, соғыста батыр атанған ерлердің бейнелерін шығармаларында арқау еткен өлеңдері, Қорқыт бабадан бері қарай тарихи тұлғаларды зор ықыласпен, қадір-құрметпен жырға қосқан «Сымбатты сұлу Сырдың сүлейлері» атты жырымен Сәрсенбекова Аружан таныстырды. Сондай-ақ мәдени шара қонақтары: әкімшілік маманы Мұстафаев Рахматұлла, Құлақметов Мешітбай әкемен Байсейітов Айдарбек, ақын жайлы естелік әңгімелер айтып, ойбөлісті.
Айдарбек ағай өз сөзінде: ол кісі менің әкеммен көңілі жақын болған, біздің үйде талай болып, мен ол кезде 14-15 жасар жігіт болып қалған кезім еді, талай қолына су құйып әңгімелерін тыңдағанмын-деді. Қарт ардагер Мешітбай әке өзінің есінде қалған «Жаңабайға» атты ақын өлеңінен үзінді оқып, балаларға батасын берді. Мәдени шараны қортындылаған кітапханашы Абдреймова Лаззат кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырып, кеш қонақтарына ризашылық білдіріп, естелік суретке түсті.

20.02.2018

Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен

«Оқитын өлке» жобасы аясында Сыр сүлейінің бірегейі, ақын Қуаныш Баймағамбетовтың жырларын насихаттау мақсатында таныстыру сағаты болып өтті . Ауыл мекемелері байланыс бөлімшесі, әуез метебі , ауылдық әкімшілік мекемелерін аралап Қуаныш Баймағамбетовтың өмір жолдарымен шығармаларымен таныстырылды