«Сырдың саңлақ сүлейі» атты әдеби-жыр


Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Туған жер бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр өңірінің тумасы, ақын, жыршы Қуаныш Баймағанбетовке арналған «Сырдың саңлақ сүлейі» атты әдеби-жыр Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 18 мамыр күні сағат 11 00 де мәдениет үйінің сахна залында өтті. Сыр сүлейі ақын Қуаныш ақынның «Сымбатты сұлу сырдың сүлейлері» атты толғау жырына құрылған видио ролик бойынша өлеңдері оқылып ашылған кештің алғашқы сөзін «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік комуналдық мекемесінің әдіскері Индира Қартбаева және Қоғамдық кеңестік төрағасы Қуандықов Нұрмағанбет ағай ашып, өлкемізден шыққан ақын жазушыларымыздың шығармаларын олардың жүрегімізде жатталып қалған бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерін қайта түлетуде, қазақ әдебиетін, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, шақыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда үш жылдан бері өтіп келе жатқан «Өлке болып» оқимыз жобасының маңызы зор екенін айтып өтті.Кеш барысында ақынның «Біздің жастар», «Ұл мен қыз», Тың ерлері» «Сыр бойының мақтаны», «Төрт саңлақ», «Жыр жүйрігі», «Сыр бойының шынары» атты өлеңдері жатқа оқылып, сыр сүлейі Қуаныш ақынның өмірі мен шығармашылығына бойынша «Жырдың тереңінен маржан терген ақын» атты слайд презентация көрсетілді.Сонымен қатар Қуаныш атамыздың қызы Қуанышова Рабиға, немерелері Рахманбердиева Сахира, Рахманбердиев Асылбек және көз көрген жерлесі Әлікенов Мұхамбетқали ағалар атамыз туралы тамаша естеліктер айтып берді. Жыр кешін Қойшиева Ғалияның орындауындағы Нұртуған жыраудың «Аралым-ай» термесімен Жұбаныш Жексенұлының «Көзіңнен айналайын» әні ажарландыра түсті.

Кеш қонақтары «Жақұт жырдың айнасы-Қуаныш Баймағанбетов» атты кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған ақын еңбектері мен баспасөз бетінде жарияланған материалдардан жинақталған кітап көрмесімен танысты