«Сырдың сыры сыбырлаған сұлу жыр» атты әдеби-жыр кеші


«Аудан болып оқимыз» жобасы

18 сәуір күні ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Аудан болып оқимыз»жобасы аясында өткізілетін сыр сүлейі Қуаныш Баймағамбетовтың шығармалар жинағын насихаттау мақсатында «Сырдың сыры сыбырлаған сұлу жыр» атты әдеби-жыр кеші болып өтті. Кешке мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысқаны: 27

Шараның мақсаты: «Аудан болып оқимыз» жобасы аясында Елдіктің жырлаушысы, ұлт рухын оятқан Қуаныш Баймағамбетовтыңтың өмірін,шығармаларын оқушыларға терең таныстыру.

Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру.
Кешті 8 сынып оқушылары Әбетов Нұрлыхан пен Сейтасанова Балауса жргізіп отырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мықбаев Ақылбек сыр сүлейі Қуаныш Баймағамбетовтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды .Кітапхана оқырмандары 10 сынып оқушысы Гажденбекова Гүлнұр жазушының «Сымбатты сұлу сырдың сүлейлері», 8сынып оқушылары Дайрабаева Орынкүл «Кедейлер тойы»,Шаймұратқызы Ажар «Жаңа әскерге», Әбетова Нұрай «Тың ерлері» өлеңдерін оқыды. 10 сынып оқушылары Нақышова Құндызай мен Дүйсенғалиева Інжу арнау өлеңдерін оқып беру арқылы ұлтжандылық , патриоттық сезімдерін жеткізді.

«Сыр сүлейі ақын Қуаныш Баймағамбетов» атты көрмемен кітапханашы таныстырды, оған қойылған әр кітаптың мазмұнына терең тоқталып,

жазушының кітаптарын сынып болып оқуға шақырды.Кешті Қуаныш шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Қуаныш Баймағамбетовтың өмірімен шығармалары ғасырдан ғасырға оқырмандарын тауып, жалғасын таба берсін демекпіз деп қортындылады.