«Сырды жырлаған ақын» атты бір ақын сағаты


Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында «Өлке болып оқимыз» жобасы бойынша Сыр елінен шыққан ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Қуаныш Баймағамбетовтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сырды жырлаған ақын» атты бір ақын сағаты болып өтті. Кешке №10 аграрлы техникалық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.

Кештің мақсаты:ақын шығармаларын насихаттау, жас жеткіншектерді оз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ақын шығармаларын білуге үйрету.

Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашты. Қазақ әдебиеті мен өнердің қасиетті алтын сандықтағы бай қазына иелерінің бірі-Сыр елінің перзенттері. Сонау бағзы заманнан бері, Қорқыт Ата мен Асанқайғыдан бастау алған ақындық, жыршылық өнері күні бүгінге дейін қаймағы бұзылмастан жанры көбейіп, дамып келетіндігін атап айтты. Солардың ішінде Сыр елінің тумасы жерлесіміз Қуаныш Баймағамбетовті айтуға болатынын атап айтты.

Ең бірінші ақынның өмірі мен шығармашылығымен колледждің студенті Досмағамбетова Құралай таныстырды. Ақынның жеті жасынан бастап медреседен білім алғанын, ақын-шайырлардың өлең-жырларын жаттап, өзінің де өлең шығара бастағандығын, ұстаздық қызмет атқарғандығын, Қазақстан Жазушылары ұйымының мүшесі болғандығын, сонымен қатар айтыскер ақын екендігін атап айтты.

Одан кейін оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Атап айтатын болсақ колледждің І-курс студенті Мырзапияев Айдәулет ақынның «Біздің ауыл» атты өлеңін жатқа айтса, Сағындықова Таңшолпан «Жастық шақ» өлеңін, Мешітбай Мирас «Қос қарлығаш», Жаппарова Гүлсая «Біздің жастар» атты өлеңдерін жатқа айтты.

Келесі кезекте студенттер ақынның айтысынан үзінді көрсетті. Оқушылар ақын Қуаныш Баймағамбетов пен Гүлжамалдың айтысынан үзінді айтып, айтысты. Кеш соңында кітапханашы «Сыр сүлейлерінің пірі» атты кітап көрмесімен таныстырды.