«Текті өнердің телқоңыры» атты әдеби-жыр кеші


Ақжарма ауылы

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Туған жер бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр өңірінің тумасы, ақын, жыршы Қуаныш Баймағанбетовке арналған «Текті өнердің телқоңыры» атты әдеби-жыр кеші Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 12 қазан күні сағат 11 00 де кітапханада өтті. Кештің алғашқы сөзін Ақжарма ауылы әкімшілігінің бас маманы Ешмұратов Ерлан мен Еңбек ардагері Сқақов Ширек ата ашып, өлкемізден шыққан ақын жазушыларымыздың шығармаларын олардың жүрегімізде жатталып қалған бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерін қайта түлетуде, қазақ әдебиетін, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, шақыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда үш жылдан бері өтіп келе жатқан «Өлке болып» оқимыз жобасының маңызы зор екенін айтып өтті.Кеш барысында ақын Әбдіраш Жәмішевтің «Туған өлке түлектері» атты арнау өлеңін Кенішбекқызы Ұлбосын оқыды. Кітапханашылар Найзатаева Сәуле, Ситен Сара «Сыр бойының мақтаны», «Жазғы гүл», «Өзім туралы» өлеңдері жатқа оқылып, сыр сүлейі Қуаныш ақынның өмірі мен шығармашылығына бойынша «Жырдың тереңінен маржан терген ақын» атты слайд презентация көрсетілді.Сонымен қатар Қуаныш атамыздың қызы Қуанышова Рабиға, немерелері Рахманбердиева Сахира, Рахманбердиев Асылбек және көз көрген жерлесі Қалданбек ата мен Серікбай ата атамыз туралы тамаша естеліктер айтып берді.

Кеш қонақтары «Жақұт жырдың айнасы-Қуаныш Баймағанбетов» атты кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған ақын еңбектері мен баспасөз бетінде жарияланған материалдардан жинақталған кітап көрмесімен танысты

Кештің алғашқы сөзін Ақжарма ауылы әкімшілігінің бас маманы Ешмұратов Ерлан ашып, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, шақыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда үш жылдан бері өтіп келе жатқан «Өлке болып» оқимыз жобасының маңызы зор екенін айтып өтті.

Кітапханашылар Найзатаева Сәуле, Ситен Сара «Сыр бойының мақтаны», «Жазғы гүл», «Өзім туралы» өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.

Қуаныш атамыздың қызы Қуанышова Рабиға, немерелері Рахманбердиева Сахира, Рахманбердиев Асылбек және көз көрген жерлесі Қалданбек ата мен Серікбай ата атамыз туралы тамаша естеліктер айтып берді.

Кеш қонақтары «Жақұт жырдың айнасы-Қуаныш Баймағанбетов» атты кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған ақын еңбектері мен баспасөз бетінде жарияланған материалдардан жинақталған кітап көрмесімен танысты.