«Туған жеріне шежіре болған ақын» атты еске алу кеші


Амангелді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлке болып оқимыз жобасы аясында» жергілікті ақын Қуаныш Баймағамбетовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Туған жеріне шежіре болған ақын » атты еске алу кеші өткізіліп, барлығы 32 адам қатысты. Кешті Амангелді ауылының қоғамдық кеңесінің төрағасы ашып, Қуаныш атамыз суырып салма ақын, шығармашылықта өзіндік орны бар, жұмыста білікті маман болғандығын және бала кезінде шығармашылығымен сусындап өскендігін айтты. Қуаныш Баймағамбетов атамыздың қыздары әкелерін еске алып, оның кезінде айтқан ақылы мен өнегге сөздерін естеліктерін айтып, көздеріне жас алды. Осы кешті ұйымдастырған ұйкымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ауылымыздың зиялы ақсақалдаӨмірзақ Альмусаев,Абдуов Найзабек өздерінің жерлес ақын аталарының жырларын, айтыстарын жиі тындайтындықтарын айтып, Қуаныш атамыздың бір жырын жатқа оқыды. Қуаныш Баймағамбетов атындағы № 42 орта- мектептің оқушылары ақын аталарының жырларын жатқа оқып, ақынның айтыстарын жатқа айтып, өзара айтысты. Кеш барысында кітапханашы «Суырыла сөйлер сөз зергер» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттеріне шолу жасады.