«Өлеңмен өткен өмірі» атты әдеби кеш


Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 С. Сейфуллин ауылдық кітапханасында

2017 жылы «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтың шығармалары насихатталса, 2018 жылы Сыр елінен шыққан ақын, ауыз әдебиетін насихаттаушы Қуаныш Шәкірұлы Баймағанбетовтың шығармалары насихатталды

«Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр елінен шыққан ақын ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетовтың шығармаларын насихаттау мақсатында 14 ақпан күні С Сейфуллин ауылдық кітапханасында «Өлеңмен өткен өмірі» атты әдеби кеш болып 19 оқырман қатысты. Шараға мектеп оқушылары , ұстаздар , мекеме қызметкерлері мен тұрақты оқырмандар қатысты.

Мақсаты – Сыр елінен шыққан айтыскер ақын,ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Қуаныш Баймағамбетовтың өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау , ақынның өлеңдері мен хисса , айтыстарының мазмұнын оқушыларға түсіндіру, насихаттау.

Қазақ әдебиеті мен өнердің қасиетті алтын сандықтағы бай- қазына иелерінің бірі- Сыр елінің перзенттері. Сонау бағзы заманнан бері , Қорқыт ата мен Асанқайғыдан бастау алған ақындық , жыршылық өнері бүгінгі күнге дейін қаймағы бұзылмастан жанры көбейіп дамып келеді – деп кітапханашы Нұрышева Лаура кешті кіріспе сөз бен ашып, ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталды.

6- сынып оқушылары ақынның «Қазақстан алтын өлкем, Астанам!» өлеңін Зейнуллаева Гүлнұр, Талапбекова Дильназ, « Сыр бойынның мақтанышы» Сағидуллаев Райымбек, «Сымбатты сұлу сырдың сүлейлері» Тынымова Айсезім, Әбдіғаппарова Рысты жатқа оқыса, ақынның «Кете Жүсіп пен Қуаныш» « Иса мен Қуаныш» айтысынан Рақымжанов Расул мен Аханұлы Серік үзінді келтірді.

Сыр елінен шыққан зерттеуші , этнограф Тынышбек Дайрабайдың ақын Қуаныш Баймағамбетов туралы айтқан естеліктерін Серікқызы Назым оқыды.

Шарада сөз сөйлеген кітапхананың тұрақты оқырманы Мырзашұлы Бақтияр ағай Сыр ақындарының есімдері қазақ тарихының энциклопедиясына , бастауыш мектеп пен жоғарғы оқу орындарының оқулықтарына енді.

Бұл- біздің ұрпақтар үшін үлкен мерей.

Соның ішінде ақын Қуаныш Баймағамбетовтың шығармалары, хиссалары мен өлеңдерінің маңызы өте зор- деп айтып өтті.

Шарада « Сырды жырлаған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның кітаптары мен дәйекті сөздері қойылды.

Осыншама оқу, іздену, өсу жолдарынан өткен Қуаныш Баймағамбетов қай кезде де өзінің қарапайым қалпынан айныған емес.

Қолынан келгенше туған халқының рухани қазынасына өз үлесін қосуды мұрат тұтқан. Ақын Қуаныш Баймағамбетов қай кезде де өзінің қарапайым қалпынан айнып көрген емес.

Соның нәтижесінде ақын Қуаныш Баймағамбетов Сыр бойы жұртының сүйікті азаматы , суырла сөйлер сөз зергері және тереңнен толғай тебірене жырлаған Сыр сүлейлерінің қатарына қосылған- деп кітапханашы Нұрышева Лаура кешті қортындылады.

Шара соңында кітапханаға 4- оқырман тіркеліп, 8- кітап оқуға берілді