Амангелді ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыр сүлейі, жыр дүлділі Әбділда» атты әдеби жыр кеші


«Өлке болып оқимыз» атты жобасы аясында ақын, драматург, сыншы Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сыр сүлейі, жыр дүлділі Әбділда» атты әдеби жыр кеші болып өтті. Мәдени шарада Сыр елінің саңлақ ұлы Әбділдә атамыздың өмір жолымен кітапханашы Гүлзада Бұрханова таныстырып, бүгінгі мәдени шараның мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып өтті. Мәдени шара өту барысында мектеп оқушылары Уәлиқызы Еркемай, Бағдатұлы Бекасыл, Күдербаева Роза, Нұржанқызы Дильназ, Дайрабай Думан, Жамбылұлы Әділет Әбділдә Тәжібаевтың «Сырдария», «Уақыт», «Жастық туралы», «Ақын», «Сыр жырлары» өлеңдерін және Сағи Жиенбаевтың «Ақынға» арнауы жатқа оқылып берілді.Шара барысында ақынның драматургиялық шығармалары таныстырылып мектеп оқушылары ақын жайлы жазылған ізгі ой-толғаныстар тақырыбында, қазақ ақын-жазушыларының ақын туралы жазған ізгі лебіздерімен таныстырды.«Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Мереке соңында кеш қонақтары Ардагер ұстаз Асқар Бодықов, Бақыт Байсейітов жиналған қауымға жылы лебіздерін білдіріп, ақын жайлы өз ой толғаныстарын жеткізіп, кешке қатысушы мектеп оқушыларына, шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Мәдени шара соңында кеш қонақтарымен естелік суретке түсті.