Жетікөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әбділда Тәжібаев –қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы» атты тұрақты кітап көрмесі


«Өлке болып оқимыз» жобасы аясында биылғы жыл кітабы болып ақын Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары таңдалған болатын.Жыл басынан кітапханаға келген әрбір оқырманға жоба жұмыстары таныстырылып, Сырдың тарланбозы ақын, жерлесіміз Әбділда Тәжібаевтың шығармалары оқуға ұсынылды. Кітапханада «Өлке болып оқимыз -2019» «Әбділда Тәжібаев –қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Жоба аясында ақын Ә.Тәжібаевтың жырларын насихаттау мақсатында «Сырдың талантты тарланбозы» атты бір ақын сағаты өткізілді. Бұл мәдени шараның мақсаты Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында өлкемізден шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, тарихи-мәдени, әдеби мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға шақыру, жастарға ақынның артында қалдырған ізгі қасиеттерге толы өлеңдерін, поэмаларын, пьесаларын таныстыру болып табылады. Кеш қонақтары кітапхана оқырманы М.Тәжімбетова, А.Сырымбетова, Ш.Асылбекова, сондай-ақ клуб қызметкерлері, оқушылар, ұстаздар болды. Кітапханашы кіріспе сөзбен ашып қасиетті сыр өңірінің талай-талай талантты тұлғалар мен ұлыстардың кіндігін кескен, шапағаты мол киелі жер екенін айтты. Сырдария өзенінің ықылым заманнан өркениет белгісі екенінің бір дәлелі ақын Ә.ТӘжібаевтың «Сырдария» өлеңі екенін айтып, «Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Одан соң кеш жалғасын тауып шара барысында ақынның өмірі мен шығармалары таныстырылды. Оқушылар С.Нұрланқызы, Б.Алтынбек, Б.Досым, А.Досмағамбет, Н.Маратұлы, Г.Маханбетжан ақынның «Қазақстан», «Көкек», «Сұрақ пен Жауап», «Алматы», «Көзіңді аш», «Адамға» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Кітапхана оқырманы М.Тәжімбетова ақын Әбділда Тәжібаевтың қазақ әдебиетінің ірі қайраткерлерінің бірі деп атады, артында қалған мұраларымен сусындап өскен ұрпақтарға ақын шығармаларының беретін тәлім тәрбиесі мол деді. Сондай-ақ № 174 орта мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.Асылбекова ақын Ә.Тәжібаев туралы ой толғап, ақынның шығармаларына тоқталды. Оның тек қана ақын емес, драматург, жазушы екенін айтып, поэмаларын атап берді. Асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жетуіне тілектестік білдірді. «Жыр дариясына айналған ақын» атты кітап көрмесімен кітапханашы таныстырды. Нәтижесінде кітапханаға жаңа оқырмандар тіркеліп, әдебиеттері оқылуға берілді.