«Сырда туған сырбаз ақын»


Бүгін Сырдария аудандық орталық кітапханада «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында жерлесіміз, сегіз қырлы,бір сырлы дарын иесі Ә.Тәжібаевқа арналған «Сырда туған сырбаз ақын» атты әдеби-жыр кеші өтті. Мәдени шараға жүйеге қарасты барлық кітапхана қызметкерлері мен қоса кеш қонақтары ретінде ауданымыздың айнасы «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ш. Нұрсейітов және «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов қатысты. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ақын өлеңдерін жатқа оқып, «Сырдария» , «Сыр жырлары» атты әндерді шалқыта орындап, көрермен қауымның ықыласына бөленді.Сонымен қатар №35 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары шараға белсене араласып, өздерінің жан-жақты дарындылықтарын көрсете білді.