Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлеңім – өмір айнасы» атты поэзия кеші


«Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр елінен шыққан ақын Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында №4 С.Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасында «Өлеңім –өмір айнасы» атты қаңтар айының 6 жұлдызында поэзия кеші болып, барлығы 16 адам қатысты.№137 мектептің 6,7,8 сынып оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, зейнеткерлер, мұғалімдер мен клуб қызметкерлері қатысты.Мақсаты: Оқырман қауымға Сыр елінен шыққан ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармаларын, өлеңдерінің мазмұнын, өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармаларын оқырмандарға паш ету, өскелең ұрпақты Отандық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру. ХХ ғасырдың қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына ғарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне үлес қосқандарының бірі- Сыр елінің саңлақ ұлы- Әбділда Тәжібаев жайлы ақпарат беру. Шарада ақын Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармалары оқылды. Әрі қарай ақынның «Атамекен», «Ана», «Сырдария», «Сыр туралы Сыр», «Ойлар, ойлар», «Ұрпақ», «Мұғалім», «Достар сыры», «Азаттық», «Туған топырақ» өлеңдерін 6, 7, 8 оқушылары Сәрсенбаев Бекнұр, Жаздауқызы Айбибі, Мүттәләпов Дәулет, Талқанбаева Ақмаржан жатқа оқыды.Ақынның «Мерген», «Толағай», «Кілемшілер  туралы ертегі», « Күй атасы», «Абыл»  атты  поэмаларынан  үзінді оқылды.Шара соңында кітапханашы «Сыр бойының мәуелі бәйтерегі – Әбділда Тәжібаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 4 оқырман тіркеліп, 8-кітап оқуға берілді.