Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыр сүлейі, жыр дүлділі Әбділда» атты тақырыпта әдеби жыр кеші


«Өлке болып оқимыз» жобасы аясында жерлесіміз, ақын, драматург, сыншы Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сыр сүлейі, жыр дүлділі Әбділда» атты тақырыпта әдеби жыр кеші кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді.Мақсаты: қазақтың аса көрнекті ақыны Ә.Тәжібаевтың кең тынысты жауһар жырлары мен телегей теңіздей тасқынды талантынан туған шынайы поэтикалық туындыларын көпшілік оқырман қауымына таныстыру және поэзияға деген махаббатын арттыру.Мәдени шара барысында кітапханашы Л.Абдреймова бүгінгі мәдени шараның мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып ақын өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтып өтті. Мектеп оқушылары Уәлиқызы Еркемай, Бағдатұлы Бекасыл, Күдербаева Роза, Нұржанқызы Дильназ, Дайрабай Думан, Жамбылұлы Әділет т.б. Ә.Тәжібаевтың «Сырдария», «Уақыт», «Жастық туралы», «Ақын», «Сыр жырлары» өлеңдерін, Ф.Оңғарсынованың «Жырлау керек», С.Жиенбаевтың «Ақынға» арнаунау өлеңдерін жатқа оқыды. Ардагер ұстаз Білал Мақашов ақын жайлы естеліктер айтып, ақын жайлы өз ой толғаныстарын жеткізіп, ой- пікірлерін ортаға салды. Мектеп оқушылары Алтынай, Толқын, Аруайлар қазақ ақын-жазушыларының ақын туралы жазған ізгі лебіздерімен таныстырды. «Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында кеш қонақтарымен естелік суретке түсті.