№1 филиал модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Сырда туған сұңқар ақын» атты поэзия кеші


Сыр елінен шыққан ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармаларын, өлеңдерінің мазмұнын, өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармаларын оқырмандарға паш ету,өскелең ұрпақты Отандық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сыр елінен шыққан ақын Әбділда Тәжібаевқа арналған «Сырда туған сұңқар ақын» атты поэзия кеші болып өтті. Кешке №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің 5сынып оқушылары, ҮЕҰ-мүшелері мен аудан ардагерлері қатысты. Кітапханашы шараны кіріспе сөзбен ашып, ХХ ғасырдың қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне үлес қосқандардың бірі-Сыр елінің саңлақ ұлы- Әбділда Тәжібаев екендігін, Әбділда Тәжібаевтың қазақ әдебиетінің ғана емес, мәдениетінің жалпы ой-санасының тарихымен орнықты орын алатыны баршамызға аян-деді. Шарада ақын Әбділда Тәжібаевтың өмірдерегімен Балашбек Қарақат таныстырды. Әрі қарай ақынның «Алатау», «Қазақстан», «Ұмытпа сен мені», «Балаларға», «Азаттық», өлеңдерін 5сынып оқушылары Абатова Амина, Мергенбай Гүлімай, Балашбек Қарақат, Әлібекқызы Азиза, Мұратова Нұрай жатқа оқыды. Әбділда Тәжібаев қазақтың тарихын жырлап қана қоймай советтік қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену өрнектері бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченко, образдарын және Горкький, Фурмановқа арналған ой- сезімдерін кіргізіп отырған. Бұл ақындық ізденулер Әбділданың өнімді жолына, мәдениетті поэзия жолына беттегенін көрсетеді. Бұл ақынның қазақ әдебиетіне қосқан жаңа бастамасы- деді кеште ардагер ұстаз Елеусінов Мектепхан ағай. Кеш соңында «Әбділда Тәжібаев- ақын, толағай жыр иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Кеш соңында кітапханашы ақын Әбілда Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Сырдария» атты өлеңін шырқап беріп, кешке қатысушылар естелік суретке түсті.