2020 жыл — Сейтмұрат Ембергеновтың шығармашылығы


Cырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Өлке болып оқимыз» жобасымен жергілікті ақын С. Ембергенов шығармаларынан өткізілген мәдени шаралар

Сырдария аудандық орталық кітапханалар жүйесі, осы өлкеде кіндік қаны тамып, дүниеге келген, жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылықтарын Сыр бойының халқына тереңірек жеткізу, кең көлемде насихаттау мақсатында 2016 жылы «Өлке болып оқимыз» жобасын қолға алған болатын, мінекей қазіргі таңда осы жоба аясында 2016 жылы қырғи тілді ақын А.Тоқмағанбетов, 2017 жылы Нағилық үлкендерге әрі балаларға арнап жазған керемет шығармалар иесі Т.Дәуренбеков және 2018 жылы Аманкелді ауылдық кеңшарының тумасы Қ.Баймағанбетов атамыздың жыр жауһарлары көпшілік қауымның назарында болса, 2019 жылы Ә.Тәжібаев атамыздың алтын алмастай жарқылдаған жырларымен қоса басқа да еңбектері жыл бойында насихатталды, ал биыл С.Ембергеновтың ғибратқа толы еңбектерін бірге насихаттап, ақын атамыздың рухын бірге жаңғыртамыз деген ойдамыз.