Ақжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Даналық дариясындағы жырлар» атты әдеби кеші


Ақжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқитын өлке» жобасы аясында ақын Сейітмұрат Ембергеновтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Даналық дариясындағы жырлар» атты әдеби кеш болып өтті. Мақсаты: Адамзаттың рухани болымысының кісілік қасиеттері жайлы және туып –өскен ауылының тыныс тіршілігі, бүгінгі ел ағалары жайлы жыр толғап өмірлік өнеге боларлықтай өшпес із қалдырған ақын, журналисттер одағының мүшесі Сырдария ауданының тумасы, ізгілік пен адалдықты, туған жерге деген сүйінпеншілікті дәріптеу. Әдеби кеште кітапханашы ақынның өміржолы мен шығармаларын таныстырып өтті. Жоғары сынып оқушылар ақынның «Ана тілім ардағым»,«Ұрпаққа ұлағат»,«Алланы тану имандылық»,Туған ел», «Егеменді елдігімізбен», «Қазақпын,«Көктем», «Мамыр»,«Гүл» атты жыр жолдарын жатқа мәнерлеп оқыса, «Үкілі домбыра» үйірмесінің қатысушылары «Еркем – ай» әні мен «Көзімнің қарасы» атты өлеңдерін нақышына келтіріп орындап берді. Кітапханашы «Төгілген сыр шежіре қаламынан» атты кітап көрмесі арқылы ақын шығармаларын таныстырып өтті. Оқырман Өксікбаева Базаркүл апа мен Асқарова Перизат ақын жырларының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек деп кешімізді қортындылады.