Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Өмірді өлеңімен өрнектеген» атты бір ақын сағаты


Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында Сырдария ауданында дүниеге келген ақын Сейтмұрат Ембергеновтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Өмірді өлеңімен өрнектеген» атты бір ақын сағаты өткізілді. Мақсаты: адамзаттың рухани болмысының кісілік қасиеттері жайлы және туып – өскен ауылының тыныс-тіршілігі, бүгінгі ел ағалары жайлы жыр толғап, өмірлік өнеге боларлықтай артында өшпес із қалдырған ақын, журналистер Одағының мүшесі С.Ембергеновтің шығармаларын оқырман қауымға, жас ұрпаққа таныстырып, насихаттай отырып жастар бойында ізгілік пен адалдықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Мәдени шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, «Тағылымы мол тарлан ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ақынның «Сырдария – Жырдария», «Қазақ қалпы», «Жетімдік», «Адамның қасиеті ниетінде», «Өмір асулары», «Ақыл қөз – нақыл сөз», «Ана», «Имандылық иірімі», «Айналдым туған елім» атты өлеңдерін студенттер А.Ерсайынов, А. Абишева, оқушылар Д.Кеңесова, С.Нұрланқызы, Г.Маханбетжан, Н.Мәлік, І.Алиасқар, Ұ.Отаралы, А.Нақыпбек мәнерлеп оқып, ақын жырларының өзіндік ерекшеліктерін, мазмұнын аша түсті. Нәтижесінде 1 оқырман тіркеліп, 2 кітап оқуға берілді.