«Сұлу сырдың сырбаз ақын ағасы» атты портрет кеші


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 2 қырқүйек күні «Оқытын өлке» жобасы аясында жергілікті ақын С. Ембергеновтың шығармаларларын насихаттау мақсатында «Сұлу сырдың сырбаз ақын ағасы» атты портрет кешін онлайн түрінде өткізілді. Шараның мақсаты: жергілікті ақын Сейтмұрат Ембергеновтың өнегелі өмір жолымен таныстыру, шығармаларын кең көлемде насихаттап, оқырмандарды кітапқа поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында «Оқитын өлке» жобасымен жергілікті ақын- жазушылардың өміржолы мен шығармаларын аудан халқына кең көлемде насихаттау. Осы жоба аясында биылғы жылы жергілікті ақын ағамыз Сейтмұрат Ембергеновтің өнегелі өмір жолы кең көлемде таныстырылып, ақын шығармалары, арнаулары мен толғаулары өзі өскен орта Сырдария өңірінің тыныс-тіршілігі, ұлағатты азаматтар мен еңбек адамдарына арналған өлеңдері жатқа оқылды. «Абай» атты өлеңін кітапхана қызметкері Л. Жұмабаева «Шығыс ғибраттарына» өлеңін №210 мектептің оқушысы Батырханқызы Зере, «Басқаның тағдырымен ойнамаңдар» өлеңін №35 мектептің оқушысы Бақтығалиқызы Аниса, «Тіл мен дінім- тірегім» атты өлеңін №210 мектептің оқушысы Құрманғазин Ұлан оқыды. Ақын жырларынының негізгі арқауы халқына, еліне деген шынайы, сүйіспеншілік, парасатты ойлардан тағлым алу, табиғатқа деген жүрек-жарды жанашарлық, өмірдегі өкінішті жайларға сын көзімен қарау.

https://www.facebook.com/SYRDARIYAKITAPXANA/videos/404037517247014