«Тау бұлағындай таза жыр» атты бір ақын сағаты


Маусым айының 12 жұлдызында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында С. Ембергенов шығармашылығына арналған «Тау бұлағындай таза жыр» атты бір ақын сағаты онлайн режимде өткізілді. Мәдени шараны кіріспе сөзбен ашқан кітапханашы С. Сейтен ең алдымен осы өлкеде кіндік қаны тамып, дүниеге келген, жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылықтарын Сыр бойынын халқына тереңірек жеткізу, кең көлемде насихаттау мақсатында 2016 жылы «Өлке болып оқимыз» жобасының қолға алынғанына тоқталып өтті. Сонымен қатар осы жоба аясында 2016 жылы А. Тоқмағанбетов, 2017 жылы Т. Дәуренбеков, 2018 жылы Қ. Баймағанбетов, 2019 жылы Ә. Тәжібаев аталарымыздың шығармашылықтары кеңінен насихатталса, биыл 2020 жылы С. Ембергеновтың ғибратқа толы еңбектерін жыл бойында бірге насихаттап, ақын атамыздың рухын бірге жаңғыртудамыз деп жеткізді. Әрі қарай кітапхана қызметкерлері М. Әлиева «Қазақпын», Г. Әбенова «Ана мейірімі» атты өлеңдерді нақышына келтіре жатқа оқыса, мәдени шараға белсене атсалысқан кітапхана оқырмандары Ш. Тыныс «Арнау», Н. Жұбаныш «Айналдым туған елім», А. Мүбараков «Әлімсақтан мұсылманмын» атты өлеңдерін үлкен шабытпен оқып берді. Мәдени шарада өз ойымен бөліскен жергілікті композитор Серік Байдәулетов ағай, ақын аға Сейітмұрат Ембергеновтың жүрекке жылы тиетін өлеңдері ән жазуға өзі-ақ сұранып тұрады, бұл өте керемет дүниелер дей отырып, ақынның «Өз үйім» атты өлеңін көрермен назарына ұсынды.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Пятница, 12 июня 2020 г.