Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмірде із қалдырған» атты әдеби-жыр кеші


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында 2020 жыл таңдауы иегері жергілікті ақын Сейтмұрат Ембергеновтың шығармашылығына арналған «Өнегелі өмірде із қалдырған» атты әдеби-жыр кеші өтті. Мәдени шараға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Сырлыбаев, кітапхана оқырмандары Ж. Имағанбетов, К. Тәуекелов және мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Әдеби-жыр кешінің мақсаты: Ақын өмірімен және шығармаларын кейінгі ұрпаққа таныстырып, мағұлмат беру. Әдеби-жыр кешінде ақынның өмірі мен шығармалары таныстырылып, туған жерге, имандылыққа арналған өлеңдері жатқа оқыту. Мәдени шара барысында кітапханашы «Өлке болып оқимыз» жобасының мақсатын айтып, биыл жыл бойына ақын Сейтмұрат Ембергеновтің шығармалары насихатталатынын айтып, ақынның өмір жолымен таныстырып өтті.Ақын шығармаларын мәнерлеп оқуда 5-9 сынып оқушылары белсенділік танытты. Атап айтар болсақ: Бисенбайқызы Нұрсая– «Алланы тану имандылық», «Аллаға жақындау», Күмісбекова Ақниет «Тыңда балам әкеңді», Махмутова Ақгүл– «Ана туралы», Темірбай Айтолқын– «Иманды бала – ибалы», Әбдікәрімова Жаннұр– «Төрлет қонақ», «Қалжан ахун», «Қазақпын», «Туған жер» атты т.б. өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқыды. Мәдени шара өту барысында ақынның шығармаларынан «Жырымен жүрек тебеген ақын» атты көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.