«Өткені болашаққа жалғасқан ақын» атты поззиялық марафоны


Наурыз айының 19 жұлдызында «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында жергілікті ақын С.Ембергеновтың шығармашылығы аясында «Өткені болашаққа жалғасқан ақын» атты поззиялық марафон онлайн режимде өтті. Мақсаты: Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үйде отырған жалпы қауымды жақсы жырмен сусындату, рухани азық беру. Жыр қадірін, ақын қадірін арттыру. Ақынның шығармашылығын «Өлке болып оқимыз» жобасының мақсат-мүддесіне орай аудан тұрғындарының назарына жарқырата ұсынып, кеңінен насихаттау «Өткені болашаққа жалғасқан ақын» атты поэзиялық марафонды аудандық кітапхана қызметкері Г.Әбенова «Ана мейірімі» атты ақынның аса керемет, айқынды жырымен ашып берді. Одан әрі қарай С.Найзатаева «Абай», Ж.Оразымбетова «Қарттар жыры», Л.Жұмабаева «Ар мен атақ, абырой» атты өлеңдерін жатқа оқыды.Ауылда ұзақ уақыт ұстаздық еткен, қиын қызметте жүріп өмірдің өнегелі тұстарынан татымды тірліктің түйінін іздеген ізетті жанның қаламынан әсіресе имандылыққа, ізгілікке уағыздайтын жырлар көптеп туды. Осыған орай «Тумысынан мұсылман», «Мешітке кел», «Иманды адам ибалы», «Дархан халық дәстүрі», «Жақсылыққа іңкәрлік» өлеңдерін Р.Құлмаханова, А.Айқынбаева Б.Асанова, Л.Нұрышова, В.Айтуғановалар жеткізді. Поэзиялық марафонға жүйеге қарасты ауылдық кітапхана қызметкерлері де қызу қолдау көрсетіп «Айналдым туған жерім», «Табиғаттың айнымас бөлшегімін», «Ана көктем» атты т.б. жырларымен жалғап, оқырман қауымның қолдауына ие болды.